10 қараша күні Ақтау қаласы маңындағы Қаракөлге фламинго ұшып келді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл - солтүстік салқынынан ұшып батысқа беттеген құстардың елдегі соңғы аялдамасы. Енді қызғылт түсті фламинго жылы жаққа бет алып, келесі жылы қайта оралады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Сәкен Ділдахметтің фесбук парақшасынан алынды