• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Жас ауданда жұмыс та, жоспар да көп

[ 2017 ] 14 ақпан, 04:33  |  Қоғам

Өткен бейсенбіде Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев халық алдында жылдық есебін қорытып, қол жеткен табыстармен қатар осы жылдың еншісіндегі жоспарлар мен міндеттерді нақтылап өтті. Есеп беру жиынына облыс әкімі Алик Айдарбаев, оның орынбасарлары, облыстық басқарма мен мекеме басшылары, ауыл әкімдері, аудан тұрғындары, үкіметтік емес ұйым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев алдымен өткен жылы халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныс-пікірлердің орындалысы туралы баяндады.

– Осыдан 1 жыл бұрын тұрғындар Қызылтөбе-2 мен Жаңа Дәулет ауылдарын байланыстыратын жолға асфальт төсеу жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Қазіргі таңда 7 шақырым 800 метр жолдың 3 шақырым 800 метріне асфальт бетон жабындысы төселді. Биыл бұл жұмыс жалғасады. Сонымен қатар Атамекен мен Басқұдық ауылдық округтерін қосатын жолды жөндеуге 91 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Ұзындығы 15 шақырым Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінің ауылішілік жолының 3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады. Тұрғындар Атамекен ауылдық округінің 5 тұрғын массивінің ескі электр желісінің әлсіздігі мен қайта жөндеу, жарық шамдарын орнату жөнінде мәселе көтерген болатын. Осыған орай Атамекен ауылдық округінің Көктем, Шағала, Қаламқас, Туған ел және Атамекен тұрғын үй массивтерінің электр желісін қайта құрылымдау жұмыстарына облыстық бюджеттен 36 млн.400 мың теңге бөлініп, аталған жұмыстар толықтай аяқталды, – деді аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы.

Аудан әкімі баяндамасында өзекті мәселеге айналған Маңғыстау ауылынан аурухана құрылысын салу үшін жасақталған жобалық-сметалық құжатқа түзету енгізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан жиі айтылатын 500 орындық аудандық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысын жер қойнауын пайдаланушылар есебінен бастау жоспарланған. Аудан әкімі ауылға келген білім, денсаулық саласының жас мамандарын баспанамен қамту мақсатында 2017 жылы мамыр айында 100 орындық жатақхананың құрылысы басталатынын хабарлап, ағымдағы жылы жасалатын жұмыстардан хабардар етті.

Биыл Атамекен ауылдық округінде су жүйесі құрылысын жалғастыру, 2 спорт зал құрылысын бастауға қаржы қарастыру, «Асар-с» базарына дейінгі 3,6 шақырым автокөлік жолды және дренаж құрылысын бастау жұмыстары жүргізілмек. Аудан әкімінің баяндамасына жүгінсек, Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны жанынан қоқыс іріктейтін цех салу, Маңғыстау-3,4 тұрғын үй массивтерінде және Баянды ауылында 15 шақырым жолды жөндеу, Маңғыстау-1,2, Атамекен, Батыр ауылдық округтеріндегі және Баянды-3 елді мекеніндегі су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Аудан әкімінің есепті баяндамасы тыңдалғаннан кейін сұрақ қоюға, ұсыныс- пікір айтуға кезек берілді.

– Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бой көтерген Батыр ауылының халқы жылдан- жылға өсіп келеді. Мектеп ашылғанда 130 оқушы болса, қазір оқушы саны 1600-ге жетті. Халықтың демографиялық өсімі жоғары болғандықтан, келесі жылы 3000 оқушы мектепке барады деп жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты Батыр ауылынан тағы жаңа мектеп салынса деген ұсынысым бар, – деді Батыр ауылының тұрғыны Күмісай Әбдіқадырова.

Бұл сауалға жауап берген аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев Батыр ауылында 960 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланғанын, жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға ұсыныс берілетінін жеткізді. Құрылғанына 10 жыл болған Мұнайлы ауданның әлеуметтік- экономикалық жағдайы жақсарғанын айтқан Қыдырбай Жұпаров 30 мыңға жуық халқы бар Қызылтөбе ауылына су құбырын тарту мәселесі қашан шешілетінін сұрады. Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтың айтуынша, Қызылтөбе ауылына ауыз су тартуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталған. Өткен жылы жобаның қорытындысы алынғанын, ағымдағы жылы республикалық бюджетке ұсынылатынын хабарлады. Осы сәтте облыс әкімі Алик Айдарбаев 2020 жылға дейін ауданды сумен қамтуды 80 пайызға жеткізуді тапсырды. Басқұдық ауылдық округының тұрғындары атынан сауал жолдаған Бердібек Есенжанов Шығыс шағынауданының тұсынан келіп, Ақшұқыр жолына қосылатын жолайрықта орналасқан мейрамханадан түскен кезде Гранитке қарай 1,5 шақырым жолға асфальт төсеуді, Шығыстан келетін жолға бағдаршам орнатуды ұсыныс етті. Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев бұл жолды коммуналдық қызмет есебінен жөндеуге болатынын, сондай-ақ құбырларды тарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт жол төселетінін жеткізді.

Облыс әкімі Алик Айдарбаев аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев тапсырма мен міндеттерді толық орындағанын айтып, макроэкономикалық көрсеткіштерді қатаң бақылауда ұстауды, инвестициялық жобаларды сапалы және уақытылы жүргізуді, су, жол, тоқ және газбен қамту сияқты инфрақұрылымдық жаңа жобаларды дер кезінде және сапалы дайындауды назарға алуды,елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендетуді тапсырды. Сондай-ақ республикалық бюджет есебінен биыл облыста 8 жаңа мектеп құрылысы басталатынын, Басқұдық пен Қызылтөбеде әрқайсысы 600 орындық мектеп салынатынын, Мұнайлы ауданындағы 3 ауылда ауылішілік жолдар жөнделетінін жеткізді. Сонымен қатар облыста елді мекендерді орталықтандырған ауызсумен қамту бойынша Атамекен, Батыр, Баянды ауылдарында су құбыры құрылысы аяқталатынын және Басқұдық, Маңғыстау-4 ауылдарын сумен қамту жұмыстары басталатынын хабарлады.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

1001
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлыда спорт кешені ашылды

Келесі жаңалық

Уақыт талабымен үндескен шешім

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5768

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Рубрикалар

      ТағайындауАшық қоғамСпортанонсЖастар бетіМұнайлыҚызық дерекФото

    Автордың басқа да жазбалары

    Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

    [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
    1640

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
    3448

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
    2071

    Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

    [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
    2301

    Мерекедегі мерей    

    [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
    1704

    Бітімгершілікке келу – береке бастауы

    [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
    1877

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»