©
2014 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы негізінде халық игілігі үшін құрылыс нысандары мен көлік-инфрақұрылымдық байланысын нығайту бағытында мемлекеттік «Нұрлы жол» жобасы жария болды. Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен аталған жоба аясынан Маңғыстау облысы да тыс қалмай, алыс-жақын мекендер арасын жалғайтын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жол төселді.
Көлік-инфрақұрылымдық даму саласында, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы жалғасуда. Жоба қуаты: жүк ағынының жылдық көлемі – 4,0 млн. тонна, құрылыс салу ауданы – 21 га. Құрылыс салу кезеңінде 500 жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде 249 жұмыс орны құрылды.
Іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, барлық жоспарланған объектілер пайдалануға берілді.Барлығы 29,1 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 2015 жылы – 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы – 24,3 млрд. теңге бөлінді (100% игерілді). 2017 жылда 1,5 млн. тонна жүк ауыстырылып-тиелді (темір жол паромдарымен).
2017 жылы автомобиль жүретін жолы («Құрық – Құрық порты» автожолы) бар, құны 60,0 млрд. теңге болатын екінші іске қосу кешені бойынша жұмыс басталып, Ұлттық қордан 2017 жылға 50 млрд. теңге бөлінді.
«Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы аяқталды. Мердігер – «Дженгиз Иншаат Санайи» ЖШС. Жоба құны – 37,3 млрд. теңге. 2014-2016 жылдары – 30,6 млрд. теңге, 2017 жылы – 8,7 млрд. теңге игерілді. Құрылған жұмыс орындары – 167 адам.
«Бейнеу-Шетпе» автожолын «Сайөтес ауылы – №10 бекет» учаскесінде реконструкциялау аяқталуда. Жоба құны – 12,4 млрд. теңге. Мердігер – «Нияз-Мұхаммед» ЖШС. 2012-2016 жылдары 11,3 млрд. теңге игеріліп, 2017 жылға 1,1 млрд. теңге бөлінді. Аяқтау мерзімі – 2018 жылдың 1-тоқсаны. Құрылған жұмыс орындары – 45 адам.
«Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Нүкіс)» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталды (84км). Жоба құны – 22,7 млрд. теңге. Мердігер – «Теміржол жөндеу» ЖШС. Республикалық бюджеттен 2017 жылы 4,8 млрд. теңге бөлініп, игерілді.
Сондай-ақ, «Жетібай-Жаңаөзен» автомобиль жолын (63 км) реконструкциялау жұмыстары басталды. Жоба құны – 25,1 млрд. теңге. 2 учаске бойынша мердігерлер анықталды: 1-учаске (82-117) – «Ақ жол құрылыс» ЖШС мен «Аккорд» АҚ-ның бірлескен кәсіпорны; 2-учаске (117-155) – «Дженгиз Иншаат Санайи» ЖШС. 2018 жылға 7,7 млрд. теңге бөлінді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп-ұстауға, сондай-ақ ЖСҚ-ын әзірлеуге республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан 2017 жылға шамамен 9 млрд. теңге бөлінді.
«Ақтау – Форт-Шевченко» - Қаламқас кен орны» автомобиль жолын (88-154 км) орташа жөндеу жалғасуда. Жоба құны – 682,2 млн. теңге. 2016 жылы – 109,9 млн. теңге, 2017 жылы – 158,8 млн. теңге игерілді. Объект 2018 жылға өтеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Тыңғылықты жұмыстар талап етіледі"Ақтау-Қаламқас" және "Таушық-Шетпе" автожолдарындағы жасанды құрылыстарды реконструкциялау (1 және 2-кезеңдер), «Қияқты-Тұщықұдық», «Ата жолы», «ХТМЗ-ның жол қиылысынан №23, 24, 28 «А» шағын аудандарының қиылысына дейінгі №55» автомобиль жолдарын реконструкциялау жалғасуда.
Облыс бойынша жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 92% құрайды.
Облыс бойынша жүк тасымалының көлемі 2018 жылдың қаңтар-наурызында 50,3 млн. тоннаны құрады. Халыққа тиімді жағдай жасап, қатынас жолдарын жақсарту осылайша жүзеге асып келеді.
Мадияр ТӨЛЕУОВ
Көрнекі сурет сайттың архивінен