Елімізде дизель отынының өндірісі артқанына қарамастан баға қымбаттады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанда дизель отынының жазға арналған түрі 13, ал қысқа арналған отын түрі 31 пайызға дейін қымбаттады. Energyprom.kz-тің жазуынша, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға артық болып отыр. Өткен жылы өндіріс көлемі 6,6 пайызға көтерілген болса, биыл 10 ай ішінде 10 пайызға дейін артқан.
Көлікке қажет бұл отын түрінің импорты мен экспорты Қазақстан бойынша төмендеп кеткен. Ұлттық статистика бюросы елімізде импорт көлемі 23,8 мың тоннаға жеткені туралы мәлімдеді. Ал экспорт көлемі 60,5 мың тоннаны құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге аз көрінеді.