Маңғыстау облысында дәрі-дәрмек бағасы бір жыл ішінде 17,1%-ға, ет құны 22,6 пайызға өскен деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Energyprom.kz мониторингтік сайты елдегі фармацевтикалық өнімдердің бағасын зерттеп, Қазақстан бойынша медикаменттер 13,3 пайызға қымбаттағанын айтып отыр.
Ал ranking.kz сараптамалық сайты болса елдегі ең қымбат ет өнімі Маңғыстау облысында екенін жазады. Бір жыл ішінде өңірде ет өнімі бірден 22,6 пайызға өскен. Сараптамалық сайттың мәліметінше жалпы ел бойынша жыл басынан бері ет пен тауық еті 14,6 %, шұжық 21,3%, басқа да ет өнімдері 15,7% қымбаттаған.
Ал маңғыстаулық кәсіпкерлер қымбатшылықтың себебі өнімнің көбісі өзге аймақтардан жеткізілетіндігінде деп отыр.