©
Былтыр Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов инвестиция саласында Қытай, Ұлыбритания, Оман, Түркия, Иран, АҚШ, Франция, Нидерланды, Италия, Израиль сияқты 30 елдің инвесторларымен кездесу өткізіп, нәтижесінде энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі 14 меморандумға қол қойған. Осылайша 2017 жылдың қортындысы бойынша Маңғыстау жан басына шаққандағы негізгі құралдарға салынған инвестиция көлемі бойынша (664,900 теңге) үшінші орында.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Құрманбек Жұмағали өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Ал биыл Маңғыстау облысының әкімдігі Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Иран, Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланды сияқты оннан аса алыс және таяу шетелдің ірі инвесторларымен келіссөз жүргізіп, 6 меморандумға қол қойған.
«Әсіресе, Маңғыстау облысы делегациясының 2018 жылдың наурыз айындағы БАӘ-ға сапары маңызды және жемісті болды. Облыс әкімінің басшылығымен облыс делегациясы «Dubai Port World», «Camelicious» және т.б. компанияларымен ірі жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде араб елімен бірқатар меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ дүниежүзілік үшінші әлемдік порт операторы саналатын «DP World» компаниясымен келісімге қол қойылды. Бұл келісім «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның дамуына қосымша серпін береді. Екі айға жуық маңғыстаулық кәсіпкерлердің Түрікменстанға сапарының дайындығы жүргізілді. 2018 жылдың сәуір айында өңір басшысының бастамасымен Маңғыстау облысының делегациясы Балқан велаятына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Каспий маңы екі елінің өнеркәсіп және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Түрікменстан бизнес-форумы өтті. Нәтижесінде Маңғыстау облысы тарапынан трансшекаралық ынтымақтастықты белсенді жүргізу бойынша 13 ұсыныс жасалды», - деп жазды Қ. Жұмағали.
Бүгінде Маңғыстау сыртқы экономикалық ынтымақтастық саласында әлемнің 89 елімен экспорттық-импорттық операцияны жүзеге асырады. Сондай-ақ 37 мемлекетпен экспорттық операциялар, 86 елмен импорттық аударымдар жасалады. Былтыр тауар айналымы 4 556,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылға (3 853,4 млн. АҚШ доллары) қарағанда 18,2% - ға жоғары.
Ішкі саясат басқармасы басшысының айтуынша, Е.Тоғжанов Маңғыстауға әкім болып келген уақыттан бері «ҚР Индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 70,7 млрд. теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылған. Осылайша, 419 жаңа жұмыс орны құрылған.
Жыл соңына дейін 32 млрд. теңгені құрайтын 130-дан астам жоба іске асырылмақ.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттер сайттың архивінен
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="53059,48297,57682,54829"]