Маңғыстау облысына 400-ден астам вагон шөп жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шілде айынан қыркүйек айының 14-іне дейінгі аралықта қуаңшылықтан зардап шеккен батыс өңірлеріне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 413 вагон престелген шөп жеткізді.
«Шілдеде -167 вагон, тамызда – 202 және қыркүйектің екі аптасында – 44 вагон жеткізілді. Қыркүйек айында тағы 176 вагон шөп жеткізу жоспарланған. Жүк Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб, Шымкент және басқа да стансалардан жөнелтіледі», делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жүк Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және тағы басқа стансалар қабылдап алады.
Шөптің көп бөлігі «Қазтеміртранс»АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі.