ҚР Үкіметі отырысында 7 айдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Отырыста ЖІӨ өсімі 3,3%-ға жеткені айтылды. Ал құрылыс саласы 8,6% тұрақты өсім көрсетіп отыр. Жыл басынан бері Қазақстанда 7,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласында сауда 6%-ға, көлік 5,5%-ға және байланыс 6,5%-дан асқан.
Шілде айында елдегі жылдық инфляция 15 пайызды көрсеткен.