Бірқатар өңірде, соның ішінде Маңғыстауда дизельдік отын мәселесі бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрлігіне ішкі нарықтағы жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін дер кезінде шаралар қабылдауды тапсырды.
«Жанармай құю бекеттерінің иесімен тиісті жұмыстарды жүргізу керек. Осының кесірінен азаматтар зардап шекпеуі керек», - деді Премьер-Министр үкімет отырысында.
Айта кетейік, кейбір жанармай құю бекеттері 20 литр ғана береді. Ал бұған дейін ақтаулық жүргізушілердің дизель отынының тапшылығына шағымданған болатын.