Маусым айында азық-түлік тауарларының 54 түрінің 37-сінің бөлшек сауда бағасы өскен. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бағаның өсуі 1-215 теңге аралығында болды. Ұн, жарма, сүт және ет өнімдерінің қымбаттауы байқалды. Пряниктер — 150 теңгеге (1185 теңге), қатты ірімшік —164 теңгеге (4043 теңге) өскен. Кептірілген өрік — 215 теңгеге (4279 теңгеге дейін), тауық еті 115 теңгеге (1110 теңге) қымбаттады. Қаймақ бағасына 128 теңге (1585 теңге) қосылды. Жаңа піскен қияр мен қызанақ 16 және 68 теңгеге қымбаттады (450 және 650 теңге). Статистикаға сәйкес, маусым айында құмшекер 397 теңгеден 472 теңгеге дейін қымбаттаған.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүгінде супермаркеттерде қант жеткілікті. Бір келісі 800-900 теңгеден бастап сатылады.