Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының шешімі бойынша Басқұдық ауылдық округінің әкімі болып Нұралы Жұмаев сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін аудан әкімі Ержан Күмісқалиев жаңа басшыны ұжымына таныстырып, сәттілік тіледі.
Жұмаев Нұралы Абайханұлы 1990 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Электрэнергетика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «Гемос» ЖШС оператор қызметінен бастаған.
2011 жылы «Маңғыстау энерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ІІІ дәрежелі тоқ жөндеуші, 2011-2012 жылдары «Нұр Дәуір» ЖШС күзетші, 2012-2016 жылдары «АТМ ГРХП» ЖШС кассир қызметтерін атқарды.
2016 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымын атқарып келді.