Ақтау қаласының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен кәмелетке толмаған үш баланың жағалаудағы қоршауларды бұзып жатқаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды ұстап, ата-аналарымен бірге полицияға алып кетті.
Белгілі болғандай, 11, 7, 6 жастағы балалар ойнап жүріп, жағалаудағы қоршауларды бұзып кеткен.
Балалардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (10 АЕК – 34500 теңге) әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ата-аналар жағалаудағы қираған балюстраларды өздері қалпына келтіруге дайын екендіктерін білдірді.