ҚР Үкіметінің өңірлік инспекторы болып Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болған Қыдырберді Беков тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қыдырберді Беков 1977 жылы 12 ақпанда Түркіменстан Республикасында дүниеге келген.
2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін жер кадастрлары жөніндегі инженер мамандығы бойынша тәмамдады.
2001-2004 ж.ж. "Маңғыстау Мұнара" ЖШС, облыстық жер ҒӨО ЕМК инженер, жерге орналастырушы, 2004-2008ж.ж. облыстық жер ресурстары басқармасының жерді пайдалануды қорғау бөлімінде бас маман, жерге орналастырушы, облыстық жер қатынастары басқармасының жер учаскелерін беру және қайтып алу бөлімінің бастығы, 2008-2010 ж.ж.- бас инспектор, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау бөлімінің инспекторы болып еңбек етті. Сонымен бірге, 2010-2011ж.ж. - Басқұдық селолық округінің әкімі, 2011-2018 ж.ж.- Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, 2017-2018 ж.ж. аудан әкімінің міндетін атқарушы болса, Маңғыстау облысы әкімінің №181- ө 01.08.2018 жылғы өкімімен Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.