43-тің жолында полиция қызметкерлері кезекшілік етеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жағдай аймақтық ПД-да түсіндірілді.
- Күн сайын таңертеңгі 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін полиция бұл жағалауды күзетеді. Адамдар жағаға баруы мүмкін, бірақ суға түсуге рұқсат жоқ. Аталған іс-шаралар қауіпсіздікті сақтау үшін жасалып жатыр, — деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Маңғыстауда облыстық Бсбо ақпараты бойынша, Ақтау — Форт-Шевченко тас жолының 43-шақырымының маңайында шомылуға тыйым салынған 10 учаске анықталған.