Мәскеу-Ақтау ұшағы бір сағаттан кейін кері қайтуға мәжбүр болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты "Мәскеу 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы Мәскеу-Ақтау SU – 6525 рейсінің жолаушысы хабарлады. Лайнер Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан 10 шілде күні сағат 12:00 кезінде Ақтауға бет алған. Алайда бір сағат өткеннен кейін экипаж командирі тосын шешім қабылдады.
- Бір сағаттан кейін біз Мәскеуге қайта келіп қондық. Ұшақты жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері күтіп алды. Экипаж командирі Ақтауға басқа ұшақпен ұшатынымызды хабарлады. Өзге ақпарат берілмеді. Дүрбелеңге түскен жоқпыз. Барша жолаушы автобус арқылы әуежайға жеткізілді", - деді жолаушы.