© Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен желкенді спорт түрін дамыту мәселелеріне арналған көшпелі жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, жауапты басқарма басшылары, экологтар мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Онда Яхт клуб аумағында халық демалатын орындарды абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту, балалар мен жасөспірімдерге арналған желкенді спорт түрін дамыту мәселелері қаралды.
Айта кетсек, Ақтауда желкенді спорт түрі БЖСМ 1991 жылы құрылған. Бүгінде оның өз яхт клубы бар. Аумағында әкімшілік ғимарат, желкенді кемелерді сақтауға арналған эллинг, қосалқы үй-жайлар, желкенді кемелердің тұрағына арналған орын және кемелердің суға шығуына арналған понтондар орналасқан.
Көшпелі кеңесте "Су спорты және вейкбординг федерациясы" ҚБ өкілі Марат Сюников қалада аталған спортты даму мақсатында әзірлеген жобасын таныстырды. Жоба бойынша демалушылардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалып, бейнебақыла,автотұрақ, су спортынан түрлі жарыстар өткізуге орналған алаңдар салынады.
Аймақ басшысы бірінші кезекте қоршаған ортаны қорғау, экология қауіпсіздігі мен азаматтардың жайлы қозғалуына жағдай жасау керектігін атап өтті.
- Спортты дамыту өте маңызды, бірақ бұл қоршаған ортаға, соның ішінде экологияға кері әсерін тигізбеу керек. Оған қоса тұрғындардың қауіпсіздігі мен демалушылардың жайлылығына ерекше назар аудару қажет. Сондықтан бұл мәселеге жан-жақты, мұқият қарап шығу керек, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.