Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
2025 жылдан бастап екінші деңгейлі банктерден жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ сондай табыс тауып отырған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді алу жоспарланып отыр. Мобильді аударымдар санын анықтау критерийлері банк секторымен бірлесіп әзірленеді. Ал әзірге ай сайын 80-100 адамнан ақша аударылған азаматтарды бақылау ұсынылды. Олардың соңғы үш күнтізбелік айдағы мобильді аударымдары тексеріледі.
«Аударымдарды заңдастыру үшін шағын және орта бизнес не істеуі қажет?», «Жеке тұлға кәсіпкер ретінде саналмауы үшін бір реттік аударымдар соммасы қандай мөлшерде болуы тиіс?»
Банктердің мобильді қосымшаларындағы аударым жүйесі әу баста жеке тұлғалардың арасында өзара қаржы алмасуға арналғанын атап өткен жөн. Жеке азаматтардың шоты кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмауы тиіс. Бірақ бұған дейін кейбір бизнес өкілдері тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлемдерді тиісті жолдармен емес, телефон немесе банк картасы арқылы қабылдауға дағдыланды. Кәсіпкерлер тарапынан кассалық чек берілмейді, сәйкесінше салықтық есеп-қисапта ақша айналымы толық көрініс таппайды. Көбіне ақша аударымдары сауда-саттық барысында бұл үрдіске мүлдем қатысы жоқ, кәсіпкерлік субьект ретінде тіркелмеген үшінші бір тұлғаның шотына түседі.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке тұлғалардың банктердегі шоты кәсіпкерлік қызметте пайдаланбауы тиіс. Бүгінгі күні бұл талап сақталмауына орай, Кәсіпкерлік кодексіне кәсіпкерлік субьектілер кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру аясында ағымдағы шотына тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін ақша түсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді кіріктіруді көздейтін түзетулерді енгізу көзделген. Кәсіпкерлік Жеке тұлғалар Кәспікерлік кодексінің нормаларына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге тұруы тиіс.
«Кәсіпкерлер салық қызметкерлеріне қалай есеп береді?», «Кассалық аппараттарды кім орнатуы қажет?»
Салық кодексіне түзетулер аясында «қолма-қол есеп айырысулар» түсінігі кеңейтілді. Онлайн-БКМ қолдану бойынша міндеттемелері бар кәсіпкерлік субъектілері мобильдік төлемдер арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу кезінде онлайн-БКМ қолдану және сатып алушыларға чектер беруге, тиісінше табыстарын декларациялауға міндеттеледі.
«Халық қолма-қол төлем жүйесіне бет бұрып кетпей ме?»
Бүгінгі таңда мобильді аударымдар біздің күнделікті өмірімізбен тығыз байланысты транзакциялардың заманауи және ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып табылады.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде БКМ қолдану және фискалдық чек беру кәсіпкерлік субъектілерінде қолма-қол ақша немесе (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар кезінде аса қажет. Бұл ретте БКМ қолданбаған кезде ҚР ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз.
«Салық органдары үшін банктегі құпия деректер қалай қолжетімді болмақ?»
Екінші деңгейдегі банктер бұл мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына берген кезде банктік құпия бұзылмайды, өйткені жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу көзделген.
«Жеке және бизнес аударымдарды қалай ажыратуға болады?»
Қолданыстағы заңнама шеңберінде жеке тұлғалардың ағымдағы шотын кәсіпкерлік қызметте пайдаланбау туралы талаптар бар. Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізу аясында кәсіпкерлік субъектілерге бірқатар талаптар қойылады, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында барлық төлемдердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шотқа түсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді енгізу көзделген. Бұл ретте жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасай және қабылдай алады. Осылайша, жаңа түзетулер жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына ықпал етпейді және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтаруды болдырмауға бағытталған.