Маңғыстаулық оқушылар халықаралық «Түймаада» олимпиадасында топ жарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл 30 маусым мен 10 шілде аралығында математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша халықаралық «Туймаада» олимпиадасы Ресейдің Якутск қаласында қашықтық форматта өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша республикамыздан қатысқан 130 оқушының ішінен Ақтау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Мұғалім Әліби мен Молдағұл Әділжан күміс медаль және Умарбаева Нұрқожа қола медаль иеленді.
Олимпиадада Ресей, Румыния, Сингапур, Иран, Тәжікстан оқушыларыда бақ сынады.