Ертең, 12 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов халық алдында қорытынды есеп береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Есеп беру кездесуі сағат 10.00-де «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтеді. Барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді mangystau.gov.kz сайтына, esep2020@mangystau.gov.kz электрондық поштасына, облыс әкімінің блогына арнайы орындарға орнатылған жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар.