• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Ұлы Абайдың 175 жылдығына республикалық мүшайра өткізіледі

[ 2020 ] 21 тамыз, 11:20  |  Хабарландыру

Халқымыздың ұлы ақыны, жазба әдебиеттің негізін қалаушы философ ағартушысы, саясаткер, ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар жалғасын табуда.

Президент Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап көрсеткен болатын.

Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады.

Ұлы Абайға арналған ірі шаралардың қатарында Педагогикалық Ғылымдар Академиясы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен заманауи әдебиет пен журналистиканы кеңінен насихаттау, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында «Абайдың 175 жылдығына арналған «Мүшайра» республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында әлеуметтік желілерде (Инстаграм, Телеграм, Facebook) – апта сайын челлендждер мен викториналар өткізілуде. Әр аптаның ұтыс қоры 100 мың теңге. Оған кез-келген 16-29 жас аралығындағы азамат қатысып, жүлдені жеңіп ала алады.

Сонымен қатар, қыркүйек айында қазақ тілінде кәсіби әдеби жазба дағдыларын үйрету арқылы жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің және жастардың басқа да санаттарының шеберлігін арттыру бойынша тренинг, белгілі ақын-жазушылармен «Өз талантыңды қалай ашуға болады және қалай жазу керек» тақырыбында кездесулер мен мастер-класстар өткізіледі.

Бүгінде «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» ҚБ ұсынысымен Маңғыстау облысы бойынша өңірлік ұйымдастырушы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруда. Өңірлік ұйымдастырушының мәліметі бойынша 16-29 жас аралығындағы оқырмандарымыздың назарына осы жоба аясында ұйымдастырылатын республикалық мүшайра жөнінде ақпарат ұсынбақпыз. «Байқауға Ұлы Абайдың шығармашылығына қатысты талапкерлердің жазған шығармалары қабылданады: 2 өлең (ақындар үшін) немесе 2 шағын проза (жазушылар үшін). Шығарманың тілі-қазақ/орыс тілдері.

Жұмыстар баспа немесе электронды түрде ұсынылады. Байқау іріктеу және қорытынды кезеңде өткізіледі. Іріктеу кезеңі өңірлерде 10 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізілсе, қорытынды кезең 1 қазан – 20 қазан аралығында жүргізіледі. Іріктеу кезеңі нәтижесі бойынша анықталған 3 жүлдегерге республикалық байқауға жолдама берілетін болады. Жас ақындардың жазушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды көздеген мүшайраның жүлде қоры төмендегідей.

Бас жүлде иегеріне 500 мың теңге берілсе, 1 орын иегері 300 мың теңгемен марапатталады. Ал 2-орын жүлдегеріне 200 мың теңге сыйақы мен 3-орын жеңімпазы 100 мың теңгеге қол жеткізе алады. Осы ретте байқау онлайн жағдайында өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қорының ұлғаюы мүмкін екенін айта кеткеніміз жөн.

Қатысушы талапкерлер үшін Маңғыстау облысы бойынша өңірлік ұйымдастырушының 87013384972 байланыс телефоны мен поштасы ұсынылады. Облыс бойынша аудан, қалалардың әкімдіктеріне ақпараттық хат жіберілді, талапкерлерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде», - дейді өңірлік ұйымдастырушы.

Республикалық конкурсқа қатысушылардың өмірбаяндарының ақпараттық жинағы жеке кітаппен дайындалады және шығарылатын болады.

Жалпы байқаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін республикалық кезең бейнетаспаға жазылады.

Талапкерлердің туындыларын бағалауда тақырыбының хакім Абай мен оның шығармашылығына қатысты болуына, өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік деңгейіне ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, шығарма идеясы және композициялық тұтастығы, тілдің стилистикалық және тілдік сауаттылығының сақталуы, әдеби тілінің байлығы, қазіргі заманның өзекті мәселелерін көтере білуіне басты назар аударылады. Осындай талап тұрғысынан шығатын өлкеміздіңталантты жас арқалы ақын-жазушыларын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға ша­қырамыз.

Өңірлік ұйымдастырушы - Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттк технологиялар және инжиниринг университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А. Н. Отарова

2085
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Хабарландыру маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыс әкімі Серікбай Трұмов тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді

Келесі жаңалық

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

    15 тамыз, 11:22
    831

    Ақтау қалалық мәслихатының хабары

    9 сәуір, 18:11
    2062

    Ақтау қаласында «Маңғыстау Жарық» ЖШС-ның хабарландыру бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары өтеді

    [ 2023 ] 9 қазан, 19:12
    2090

    «МАҢҒЫСТАУ-МЕДИА» ЖШС ҚАРАСТЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТТЕРДЕ Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған ПРАЙС-ПАРАҒЫ

    [ 2023 ] 7 ақпан, 10:06
    2446

    Mangystaumedia.kz ақпараттық сайтына Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған прайс-парағы

    [ 2023 ] 7 ақпан, 10:04
    2191

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    [ 2021 ] 22 сәуір, 16:30
    2591

    Рубрикалар

      МәселеКомплаенсРедакцияҚызық дерекРедакция туралыҚоғамФотоТүпқарағанЖаңалықтар

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

    5 қыркүйек, 15:39
    2261

    Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

    27 тамыз, 09:38
    2974

    Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

    26 тамыз, 09:57
    1024

    Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

    25 тамыз, 14:47
    1086

    Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

    25 тамыз, 13:10
    2955

    Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

    25 тамыз, 13:09
    1077

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»