Құрметті маңғыстаулықтар!
18 тамыз күні сағат 19:00-де облыс әкімі Серікбай Трұмов өзінің Facebook жеке парақшасынан тікелей эфирге шығады. Көкейде жүрген сұрақтарыңызды әкімге алдын-ала akimatmangystau@gmail.com парақшасына жібере аласыздар, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар сауалыңызды тікелей эфир кезінде қоя аласыз. Өңір басшысы Сізді толғандырған сұрақтарға жауап беруге дайын.