«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
I. Жалпы ережелер
1. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдайбілуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.
Жергілікті деңгейде Әкім мемлекеттік саясатты жүргізуші және оның іс-әрекеті бойыншахалықтыңбойында жалпы саяси жүйенің мемлекеттік басқарудың тиімділігіне деген көзқарасын қалыптастырады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі– Конкурс) өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты -жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген,ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
2) Конкурстың міндеттері:
2. Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – өңірлік деңгей (облыстық деңгей) өңірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және ондаКонкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;
2) II кезең – республикалық деңгейді республикалық конкурстық комиссия өткізеді, ондаКонкурстың жеңімпаздары анықталады.
3. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия)құрылады,құрамынҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиісті облыстық әкімдіктің(бұдан әрі – Әкімдік)келісуі бойынша бекітеді.
Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанында құрылады және 9 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан, тәуелсіз сарапшылар және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылады.
Конкурстық комиссияның төрағасы конкурстық комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында қойған баллдарды есептеу арқылы және қатысушының рейтнгісін құрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді тиісті Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) анықтайды.
Республикалық комиссия 9 адамнан және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері)және өзге тұлғалар кіре алады.
Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеуді Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылды.
Республикалық конкурстық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздары Республикалық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
5. Конкурс комиссиясының хатшысы конкурстық комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстықкомиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазына материалдарды қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпарат береді.
Толық нұсқасын келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз:
https://drive.google.com/file/d/1v7Whih5bCf2Y2Noyb8dE4yOmlwcgeA8A/view?usp=sharing