© Kaztag.kz
16 тамыз күні Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кездесу сағат 09:00-де Ақтау қаласы, 19А шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында өтеді.
Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 778 321 70 99, Руслан Найзабеков.