Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында нәресте өлімін азайту және ультрадыбыстық диагностика мамандарының білімін жетілдіру мақсатында семинар басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық перинаталдық орталағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс перинаталдық УДЗ үйлестіруші маманы, Жанар Құрманғалиева «Жүктіліктің ІІ, ІІІ триместріндегі ультрадыбыстық перинаталдық скининг» тақырыбында 5 күндік семинар жұмысын бастады.
Білікті дәрігер УДЗ зерттемесі арқылы жүктіліктің ІІ триместрінде ұрықтың барлық жүйе органы дамыған кезеңін бағалау, даму ақауларын анықтау, жүктіліктің ІІІ триместрінде ұрық органдарының кеш дамитын туа біткен даму ақауларын анықтау, ұрықтың дамуын бағалау, жатыр іші ауруларын анықтау бойынша ауқымды ақпараттар беріп жатыр.
Сонымен қатар, дәрігер семинардың демеушісі – ауруларға диагностика жасайтын, емдеуде жаңа мүмкіндіктер беретін қазақстандық «Ordamed Kazakhstan компаниясының жаңа құрылғыларымен, оның ішінде Heka u7-ультрадыбыстық аппаратының көмегімен пациенттерге диагностика жасау арқылы УДЗ зерттемесін қалай жүргізу керек екенін көрсетіп жатыр.
Семинарға орталықтың УДЗ мен акушер-гинеколог мамандары және басқа мекемелерден де УДЗ дәрігерлері қатысып жатыр.