19 ақпан күні Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов тұрғындармен кездесу өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстаулық тұрғындармен кездесу барысында былтыр атқарған жұмыстары баяндалады. Сондай-ақ биыл орындалатын бірқатар жоспарымен бөліседі.
Аталмыш шараға баршаңызды белсенді қатысуға шақырады. Сіздерді Ақтау қаласы, 1 ш/а облыстық экология департамент ғимаратының акт залында күтеді.
Анықтама телефоны: 8 (7292) 30-12-89.
Шара сағат 10:00-де басталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА