• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Жағалауда жартастар да жаңғырып... (ФОТО)

    [ 2018 ] 18 шілде, 04:20  |  Фото

    Киелі Маңғыстаудағы Каспий теңізі жағалауының туристік әлеуетін арттыру үшін облыс аумағында ауқымды шаралар қолға алынған. Мәселен, Каспий жағалауында жартастарды жағалай 1,5 шақырым жерге жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

    Жартас бойындағы үңгірлер абаттандырылып, табиғи мұражайға айналады. Ал жұртшылықтың Каспийдің мөлдір суына шомылып, жұмсақ құмына аунауы үшін бірнеше шақырым жағажай абаттандырылып, осы жазда пайдалануға берілді. «Жағажай туризмін дамыту» жобасының нәтижесінде аймаққа келіп, демалушылардың саны биыл екі есеге өскен. Теңіз жағалауында құрылыс қызу жүруде. Он шақты техникамен жүзге жуық жұмысшы жартас жиегіндегі ойлы-қырлы жерлерді тегістеп, ретке келтіріп жатыр. Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін темірден мыңнан астам баспалдақ салынуда.

    Жоба жетекшілерінің айтуынша, жаяу  жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін сүрлеудің екі жағы қоршалып, әр 30 метр сайын бейнебақылау орнатылады. Сүрлеу жолдың бойында 24 шолу алаңы, балық аулайтын жерлер, суға түсу орындары мен шағын су көліктері тұрақтайтын аялдамалар салынбақ. Инвесторлардың қаржысына салынып жатқан жобаның алғашқы кезеңі алдағы айда қолданысқа беріледі деп жоспарланған. «Мұнда техниканы алып келу қиын болғандықтан, құрылыс жұмыстарының 90 пайызы қолмен жасалуда. Ағаш полимерлі композит материалын қолданамыз. Бұл – осы өңірдің табиғатына, ауа райына төзімді материал. 20 жылға дейін жарамды. Сүрлеу жолды салу кезінде жартастың табиғилығы сақталады», – дейді жоба авторы Марат Сюников.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жағалаудағы жерді заңсыз басып алған жекежай иелері сотқа берілді

    Сонымен қатар халықтың күндіз-түні демалуы үшін барлық жартас жарықтандырылады. Екі шақырым жерден көрінетін түрлі-түсті шамдар қойылып, түнгі қала ажарлана түспек. Жоба аясында жартастағы үңгірлерді де абаттандырып, табиғи мұражайға айналдыру көзделіп отыр. Мұндағы ең үлкен үңгірдің ұзындығы – 70, ені – 60 метр.

    Теңіз жағалауындағы үңгірлер осыдан бір ай бұрын қоқысқа толы алаң болған. Қазір барлық жер тазартылып, қабырғасы құммен жуылды, табанына тақтатастар төселді. Алдағы уақытта отырғыштар қойылып, түрлі-түсті шамдар орнатылады. Қабырғада күні-түні Маңғыстаудың тарихы туралы деректі фильмдер көрсетілмек. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілетін өлке тарихы саяхаттаушылардың қызығушылығын тудырары анық.

    Қаланың солтүстігіндегі жағалау да  абаттандырылуда. Жоба бойынша дәл Каспийдің жағасында амфитеатр салынып жатыр. Биіктігі – 8, ені – 70 метр болатын дала сахнасында түрлі концерттер мен мерекелік кештер өткізілмек. Киіз үй, орындықтар қойылып, спорттық және ойын алаңдары салынады. Көне тарихтан сыр шертетін композициялар мен мүсіндер қойылады. Қазір құрылысқа 45 техника мен 450 адам жұмылдырылған. Құны 1 млрд.24 миллион теңге болатын жоба алдағы тамыз айында ел игілігіне беріледі.

    «Жұмыс сәуір айында басталып кетті. Самал шағынауданынан төмен қарай түсетін баспалдақ болады. Ерекшелігі, мұнда сахна құрылысы пайда болады. Жаз басталғалы Ақтауға теңізге түсуге келетіндер саны артқан. Бір айдың ішінде 30 мың саяхаттаушы қарт Каспийдің жағасында демалыпты. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, екі есеге көп. «Бұл – жағажай туризмін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстардың жемісі», – дейді жергілікті билік. Теңізді жағалай 45 шақырымға инженерлік желілер тартылып, демалыс орындарына газ, су мен тоқ жетті. 2 шақырымдай жағажай абаттандырылып, халықтың тегін демалуына мүмкіндік жасалды», – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.

    Ноян ЖОЯМЕРГЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58030,58023,58027,58024,58025,58031,58026,58029,58032"]
    2082
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    фото маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жағалау жаман болмайды (ФОТО)

    Келесі жаңалық

    «Teniz-2018» халықаралық оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4153

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5089

      Үстіртте кемпірқосақ көрінген күн (ФОТО)

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 09:59
      7114

      С.Әбдіналиев: Бұл - Қазақстанға чемпиондарды сыйлаған сайыс (ФОТО)

      [ 2017 ] 4 қазан, 09:22
      2882

      Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы үшемдері ЭКСПО-да волонтер болып жүр (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 26 шілде, 10:17
      3250

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3139

      Рубрикалар

        Ауыл өміріӘлем жаңалықтарыАшық қоғамМәселеАнықтама бюросыБайланыс мәліметтеріАНТИКОРБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»