Бүгін 3 тамызда Маңғыстау облысы Баутино кентінде теңіз жағалауы елдері құтқару қызметтерінің «Teniz-2018» халықаралық оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі өтті. Жаттығудың теориялық бөлімі кеше Ақтау халықаралық теңіз сауда портында өткен болатын.
Каспий маңындағы мемлекеттердің құтқару қызметтеріне арналған халықаралық жаттығудың екінші бөлігі Түпқараған ауданында, оның ішінде Баутин сауда теңіз портында өткізілуінің де өзіндік себептері мен маңызы бар. Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласының іргетасы 1846 жылы қаланғаны тарихтан белгілі болса, осындағы Баутин портының ең алғашқы құрылысы 1887 жылдардан бастау алады. Әу бастан теңіз арқылы балық өнеркәсібіне қажеттіліктер тасымалдау мақсатында құрылған порттың тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі маңызы балық комбинатына қызмет емес, ел экомикасына зор үлес қосушы мұнай өндіру операцияларына атсалысуда. Теңіздегі мұнай өндіру компанияларының отандық және шетелдік ірі операцияларына қажетті жүк тасымалдауда және шетел мемлекеттерінен жүк тасымалы тақырыбында байланыс жасауда халықаралық басты рөлге ие. Осындай портта бүгінгідей елдердің біріккен жаттығуының өткізілуі біздің мамандардың тәжірибесіне мол табыс, ынтымақтастық достық қарым-қатынас орнатуға таптырмас мүмкіндіктер сыйлады.
Оқу-жаттығу шарасына Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстанның құтқарушылары қатысты. Жаттығуға барлығы 500-ден астам өрт сөндірушілер, құтқарушылар және 78 арнайы техника, БЕ-200 ұшағы, 6 тікұшақ, қатысушы елдердің 4 теңіз кемесі мен 7 құтқару қайықтары жұмылдырылды.
Клара ҚАНСҰЛТАНОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58901,58904,58907,58908,58902,58903,58905,58906"]