• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 30 Қара. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстаулық шаруалар жем-шөп бағасын төмендетуді сұрайды...

Мұнайлыда жеке кәсіпкер декоративті панельдер шығарады...

Өңірде аяқталмаған жобалар кеңес отырысында талқыланды...

Ақтауда «Маңғыстау Медиа» логотипі бар автобус қатынай бастады...

Бәрі де өсуі мүмкін: Облыс әкімі Ақтауды көгалдандыру жұмысын қатаң бақылау...

  • USD: 433.74 ₸
  • EUR: 489.52 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Обыр ауруының алдын алу

[ 2018 ] 20 наурыз, 12:42  |  Біле жүріңіз

©

Обыр (рак) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай.

Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; қоршаған орта анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35%-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің 17%-нан, алкогольдің 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз.

Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар.

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда алдын-алу оңай!

Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін салауатты өмір салты деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз.

Темекі тартпаңыз, егер тартып жүрген болсаңыз тоқтатыңыз. Егер сіз темекіні тастай алмай жүрсеңіз, онда тартпайтындар арасында темекі тартпаңыз. Пассивті темекі тарту активті темекі тарту сияқты зиянды.

Рак ауруының салдарынан болатын өлім жағдайларының 25-30%-ы темекімен байланысты деп саналады. Тек қана темекі тарту және оған алкогольдің қосылуы салдарынан болатын ұлтабар, жұтқыншақ және ауыз қуысы обырының үлесі 43%-60% аралығында өзгеріп отырады. Қуықтың, асқазан асты безі және бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысы мен миелоидты лейкоз обыры жағдайларының көпшілігі темекі тартумен байланысты болып келеді. Өлім жағдайларының жартысы орташа жаста кездеседі, оған қоса темекі тартатындар тартпайтындарға қарағанда өздеріне берілген ғұмырдың 20-25 жылын текке жоғалтады.

Қазіргі таңда обыр немесе басқа аурулардың басталуына дейін темекі тартуды тоқтату темекі салдарынан болатын өлім жағдайларынан, орта жастан бастап, тіпті егделеу жаста да қашуға мүмкіндік беретіндігі жайлы нақты дәлелдемелер бар.

Зиянды тамақтарды алып тастаңыз. Канцерогендер (қатерлі жаңа өскіндердің дамуына себеп болатын химиялық заттар) көптеген азық-түліктерде кездеседі, әсіресе майға қуырылған тағамдарда, консервіленген және маринадталған тағамдарда, ұзақ сақталынған азық-түліктерде, ысталған тағамдарда.

Майлы тағамдарды, әсіресе малдың майын тұтынуды азайтыңыз, қатты тоя тамақтанбаңыз, күнделікті тамақтану рационы 2500 калориядан аспауы тиіс. Үнемі жүктемесіз және ақуызсыз тамақтану күндерінің жүйесі мен диета сақтауды ұстаныңыз. Алкоголь тұтынуды қойыңыз. Суға қатысты айтарымыз, фильтрленген немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз.

Қажетті азық-түліктер. Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау – қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.

Иммунитетті нығайтыңыз. Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз.

Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.

Вирустарға тексеріліңіз. Барлық онкологиялық аурулардың 10%-ын вирустар шақыруы мүмкін. Жұқтырып алу мен рактың дамуы арасында көптеген жылдар өтуі мүмкін, бірақ сіз қоздырғыш вирустың тасымалдаушысы болсаңыз өз денсаулығыңызды үнемі бақылауда ұстап, ауруға бірде-бір мүмкіндік бермеу үшін ол жайында білуіңіз қажет.

Артық күн сәулесін қабылдаудан қашуға тырысыңыз.

Тері аурулары рагының басты себебі күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.

Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.

Обыр дамуының алдын алатын және осы аурудан жазылып шығу сенімділігін арттыратын денсаулық сақтау бағдарламалары бар.

Скрининг бағдарламаларына қатысыңыз! Скрининг – симптомдары байқалғанға дейін ауруды анықтау мен емдеу. Адамдар арасында әлі симптомдары жоқ ауруларды анықтау мен емдеу рактан келетін өлім санын азайтуға мүмкіндік береді. Әйелдер етеккір аяқталысымен өзіңіздің сүт бездеріңізді жан жағынан ортасына қарай сипалау арқылы тексеріп көріңіз. Егер сізді оның сыртқы түрі мен тері түсіндегі және бездің формасындағы өзгерістер мазаласа немесе сіз сипалаған кезде тығыздық байқалса, онда міндетті түрде онкологқа қаралыңыз! 40 жастан асқан әйелдер сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексе- руден өтіп тұрыңыз. Егер сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

25 жастан асқан әйелдер жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз – жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру – осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер, сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін сізге тоқ ішек (бүйен) пен тік ішек обырын анықтау мақсатында нәжіс және қан тапсыру қажет.

Ерлер! Егер сіздің жасыңыз 55 жастан асса және қуық асты безіндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ерте сатысында анықтау үшін ПАА-ға үнемі қан анализін жасатқаныңыз жөн.

Н. ИЗБЕРГЕНОВ, аудандық онколог - дәрігер

4139
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
біле жүріңіз денсаулық аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қожантай Қойбас Жалбырұлы

Келесі жаңалық

Қанға жеріндегі Махтум-баба мешіті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Көзді қалай күту керек?

    [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
    4968

    Үй не жабайы жануар тістеген жағдайда не істеу керек?

    [ 2018 ] 11 сәуір, 06:39
    2003

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білесіз?

    [ 2018 ] 10 сәуір, 09:05
    847

    Обыр ауруының алдын алу

    [ 2018 ] 20 наурыз, 12:42
    4140

    Тұмауға жеңіл-желпі қарауға болмайды

    [ 2018 ] 15 ақпан, 09:07
    1110

    Фортификацияланған ұнның пайдасы неде?

    [ 2018 ] 15 ақпан, 07:03
    1984

    Рубрикалар

      ӘдебиетСараптамаЖарнамаРедакция туралыЭкономикаАшық қоғамҚазақстан жаңалықтарыРухани жаңғыруАудан тынысыБайқауМәдениетБейнеу

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    596

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    757

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    668

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1331

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    899

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    682

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»