Форт-Шевченко қаласындағы теңіз жағалауында абаттандырылған жағалау ашылды. Бұл туралы Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев мәлім етті.
Жаңа жағалауда 20 мың шаршы метр жерге халық демалатын орын салынған. Сонымен қатар, жаяу жүргінші жолы, веложол, автотұрақ, футбол және волейбол, балалар ойын алаңы мен «Workout» алаңдары бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.