Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Беков 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуге облыс әкімі Серікбай Трұмов, облыстық басқарма басшылары және ауыл тұрғындары қатысып отыр. Келелі кездесуде аймақ басшысының тапсырмалары толықтай орындалғаны жөнінде айтылды. Қыдырберді Бековтің баяндамасына сәйкес Қарақия ауданының даму қарқыны байқалады.
Қарақия ауданы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуі дәл қазіргі уақытта аудан әкімдігінің фэйсбук парақшасында тікелей эфирде өтіп жатқанын хабарлаймыз.