Желтоқсан айында 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кезең-кезең бойынша әр оқушы өз білімін сынады. Әр өңірдің білімді өрендері бақ сынаған сайыста Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының 5 сынып оқушысы Ақбөбек Теңелбай 1 орынға ие болды. Бұл туралы Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қалбибі Бекқалина мәлім етті.
«Шәкірттеріміз биіктерден көрінсе, бұл біз үшін үлкен мәртебе. Ауданымыздың мақтанышына айналып, қуантып отырған №5 орта мектептің 5 сынып оқушысы Теңелбай Ақбөбек Қазақстан тарихы пәнінен облыстық жеңімпаздардың арасынан білімнің тізгінін алға тартып, республикадан I орынды иеленді. Ақбөбектің ата-анасына, алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстазы Қарлығаш Абдуллаеваға, пән мұғалімі Толқын Құдайбергеноваға алғысымды білдіремін», - деді Қалбибі Бекқалина.