• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 2 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ақтаудағы медициналық нысандарда...

  • USD: 424.44 ₸
  • EUR: 504.91 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заң

[ 2020 ] 30 тамыз, 10:31  |  Қарақия

Конституция – Қазақстанның Ата Заңы. Осыдан 25 жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституция – латын тілінен аударғанда «құрылым», «өкілім» деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы - ел, мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды 3 мәселе - мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.

Бұл жаңа Конституция оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция - барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіріп,үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжаты, мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі болды. Бүгінгі Конституциямыздың басқа Конституциялардан артықшылығы – ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» делінген.

Ел заңды өз құқықтарын білу үшін заман талабына сай шығарылып жатқан заңдарды мұқият әрі зерделей тұрып, оқуы керек. Өз құқықтық білімдерін үнемі жетілдіріп, басшылыққа алып отыру қажет. Сонда ғана заңсыздықтардан зардап шекпейді, өзінің құқықтары мен бостандықтарын кез-келген орында қорғай алады. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім» деп Мұхтар Әуезов өте орынды айтқан.

Біз адам болып өмірге келеміз, азамат болып қалыптасамыз. Мемлекетіміздің мәртебесіне, оның қорғауында болатынымызға сенгенде және өз құқықтарымызды біліп қана қоймай, оны қорғай білгенде азамат екенімізді сезінеміз.

Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Ал Қазақстан азаматтарының Конституциямен кепілдендірілген құқықтары мен бостандығының аясы кең, ауқымы зор. Атап айтқанда, ұлты, тегі, түсі, тілі, діні, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы бойынша ешкім қуғындалмауы, сөз және шығармашылық бостандығы, еңбек ету, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығы, білім алу, отбасы құндылықтарын қорғау, жеке меншігін қорғау құқықтары, жиындарға және шерулерге қатысу, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға мүше болу, мемлекеттік басқаруға қатысу, мемлекеттік басқару органдарын, сайлау, сайлану және тағы басқа құқықтары халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес қорғалады. Яғни біздің негізгі заңымыз мыңжылдық тарихы мен дәстүрі бар өркениетті мемлекеттердің заңдарымен тұспалдас.

Әрбір қазақстандықтың Конституциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конституция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы - осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Конституция бойынша өмір сүру – біз үшін міндет қана емес, абыройлы парыз. Конституцияны құрметтеу – өз құқығы мен бостандығын ғана емес, өзгелердің де теңдігі мен тәуелсіздігін құрметтейтін еркін де ерікті адамдардың таңдауы болуы қажет.

Барлығына да уақыт төреші емес пе? Жылды жыл қуып, зырлап өтіп жатқан уақыттың еншісімен ертең-ақ халқымыздың ен дәулетке кенеліп, бай-қуатты өмір сүретіні, бейбітшіліктің үстемдік алатындығы сөзсіз. Сондықтан да біздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылған Конституциямыздың өміршеңдігін ұзағынан сүйсіндіргей.

Ата Заңым – қуатым, сенім, мақсат-мұратым. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз. Ата Заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып, жетістіктерге жететініміз сөзсіз.

Сериккали БЕРДИБЕКОВ,

Қарақия аудандық сотының төрағасы

1189
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Аудан тынысы Қарақия құқық
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Қарақияның кәсіпкерлері мен белсенді азаматтары ауруханаларға көмек көрсетіп жатыр

Келесі жаңалық

Жолдауға қолдау білдірді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заң

    [ 2020 ] 30 тамыз, 10:31
    1190

    Ғ. Ниязов «Кендірлі-Қаясан» жеріндегі мал азығын дайындау жұмыстарымен танысты

    7 шілде, 14:56
    1009

    Қарақияда 1 гектар жерден 20 тонна қырыққабат алды

    21 маусым, 10:40
    1360

    Қарақияға Ақтөбеден шөп жеткізілді

    9 маусым, 09:57
    1680

    Құрық ауылының теңіз жағалауында демалыс орны ашылды

    7 маусым, 14:10
    1726

    Қарақияда 19,8 шақырым ауылішілік автокөлік жолының құрылысы басталды

    27 мамыр, 15:29
    2025

    Рубрикалар

      Редакция туралыМәдениетЖастар бетіEXPO - 2017Анықтама бюросыҚоғамЖарнамаҚұқықАуыл өміріРухани жаңғыруӘлем жаңалықтарыДенсаулық

    Автордың басқа да жазбалары

    Жан керек пе, мал керек пе?

    Бүгін 17:00
    4

    Облыста үш күнде 256 нысанға рейд жасалды

    Бүгін 16:13
    19

    "Екпе ал да, пәтер ұтып ал": 6 тамыз күні жеңімпаз анықталады

    Бүгін 15:49
    43

    Қазақ күресінің «Қара бурасы»

    Бүгін 15:20
    35

    43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

    Бүгін 14:56
    30

    Облыста жансақтау бөлімдерінде 107 адам жатыр

    Бүгін 14:42
    33

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»