Мұнайлылықтар көшет егу науқанын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурыздың құтты мейрамы Амал мерекесі аясында аудан әкімі Ержан Көпжасарұлы ауданның бір топ қарияларымен бірге тал отырғызды.
Сондай-ақ бұл игі іске аудан әкімінің орынбасарлары мен ауыл әкімі де атсалысты. Атамекен ауылдық округінің әкімшілік ғимараты 30 талмен толықты.
- Биыл ауданда 3000 тал отырғызу жоспарда бар. Бұл абаттандыру есебінен де, кәсіпкерлердің қолдауымен де жүзеге асады. Көгалдандыру жұмысы ауданның экологиялық жағдайын жақсартады, ұқыптылыққа деген көзқарасты қалыптастырады. Көшет отырғызу жұмысына үлес қосқан барша ақсақалдар мен қызметкерлерге алғысымды айтамын. Ауданымызды көркейтіп, көгалдандыру жұмысы әлі де жалғасын табады, - деді аудан әкімі.