Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев Маңғыстау ауылында, N11 мектепте орналасқан N215 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
⁃ Бүгін біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Сондықтан, азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін аудан тұрғыны ретінде өз дауысымды бердім. Аудан бойынша 84 000 сайлаушымыз бар. Олар 41 сайлау учаскесінде дауыс береді. Әр участок арнайы құралдармен жабдықталған. Аудан тұрғындары бүгінгі сайлаудың маңызын түсініп, жауапкершілік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, - деді.
Учаскеде бақылаушы Бақыт Ермековтың айтуынша, бүгінгі сайлау қарқынды өтуде. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Сайлаушылар өздері қалаған үміткерлерге дауыс беріп жатыр.