Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, Әжелер кеңесінің төрайымы Ақкүміс Дүйсенбаева ел болашағы үшін маңызды күнде Баянды ауылындағы N193 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Педагогика саласында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар ұстаз 1000-ға жуық шәкірт түлеткен.
- Сайлау әділ өтеді деп сенемін. Қазақстан Республикасының үшінші бабында елдегі жалғыз билік көзі халық екендігі жазылған. Демек, сайлауға қатысу арқылы халық өз таңдауын жасап, мемлекетті басқару ісіне араласады. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысып шықтым. Өз таңдауымды жасадым. Ауылдық, облыстық, Республикалық тұрғыда таңдауға түсіп жатқан Мәжіліс және Мәслихат Депутаттар кәсіби тұрғыда өте білікті болып, ел сенімін ақтайды деп сенемін”- деп сайлау туралы пікір білдірді Ақкүміс Дүйсенбаева.