Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы №217 сайлау учаскесінде ұлттық дәстүріміз дәріптелді.
Сайлау учаскесінде келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды. Атап айтсақ, шұбат құйылып, бауырсақ үлестірілді. Ал, сайлау комиссиясының мүшелері бірыңғай қазақы нақыштағы камзол мен бешпент киген.
Аталған учаске төрағасы Нұржан Досжановтың айтуынша, сайлау күні Наурыз мерекесін тұспа-тұс келіп отыр.
⁃ Бүгін мемлекетіміз үшін ең маңызды күн. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін келіп дауыс беруде. Бұл саяси науқан ұлыстың ұлы күнімен де қатар кеп жатыр. Сондықтан мерекені назардан тыс қалдырмай, өз таңдауын жасауға кеп жатқан тұрғындарға ұлттық тағамдардан дәм татқызып, көңіл - күй сыйлап жатырмыз. Ұлттық киіммен науқанды қарсы алып, ұлт болашағы үшін маңызды күнді бірге өткізудеміз. Учаскеге дауыс беруге келушілердің қарасы үзілер емес,-деді Нұржан Досжанов.
Атап өтейік, учаскеде барлық қауіпсіздік шаралары қаралған.