Дәулет ауылдық округінде орналасқан №213 сайлау учаскесінде теміржолшы Исмайл Ұзақбаев өз таңдауын жасады.
Исмайл Ұзақбаев теміржол жүйесінде 15 жыл бойы адал қызмет атқарып келеді. Бүгінгі күні ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның “Жол диагностикалық орталығы” филиалының Маңғыстау станциясының ақаутапқыш цехының шебері болып жасайды.
- Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымды жасадым. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, теміржол саласы – ел экономикасына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан саланың бірі екені айтпаса да түсінікті. Он мыңдаған қазақстандық өз сапарларын осы темір жол арқылы жасайды. Сондықтан теміржолшылар саяси науқаннан тыс қалмайды және балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен де таңдау жасадым. Әріптестерім де бірауыздан сайлауға дауыс беруге келіп жатыр,- дейді Исмайл Бегенбайұлы.
Айта кетейік, Исмайл Ұзақбаев Дәулет ауылында тұрады. Бақытын адал еңбекпен тапқан көпке үлгілі әке. Ол жары Шынараймен бірге 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы.