Мұнайлы ауданының “Құрметті азаматы”, Ардагерлер кеңесінің және Қоғамдық кеңестің мүшесі Аман Танғұлов Қызылтөбе ауылдық округінің №208 сайлау учаскесінде ел болашағы үшін дауысын берді.
81 жастағы Аман Танғұлов бүгінде 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, 15 немере мен 10 шөбере сүйіп отыр.
Ол өңір дамуына үлес қосып, біраз қызметті атқарған. “ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен; “Ақтау қаласына 50 жыл” естелік медалімен; “Мұнайлы ауданына 10 жыл” мерейтойлық төсбелгісімен марапатталған.
- Егемен, еңселі еліміз үшін тұрақтылық пен тыныштықтан, тұнығы лайланбаған татулық пен бірліктен асқан байлық жоқ. Үлкен маңызды оқиға ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауына да азаматтарымыз бірауыздан қатысып, таңдаған кандидаттарына дауыс береді деп сенемін. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі бақуатты өмірі үшін азаматтық танытайық, сайлауға бей-жай қарамайық. Сондықтан да дауыс беруге арнайы келдім,-деді Аман Танғұлов.