Мұнайлы ауданында дәнекерлеу жұмыстарын атқарып, шағын цех жұмысын дөңгелетіп отырған Бағдат Ізімовтің ісі көп үлгі боларлық. Ол төрт жылдан бері жеке кәсібін ашып, шағын ұжыммен үлкен кәсіпті жүргізіп келеді.
Бұған дейін көптеген компанияларда жеті жыл бойы үздіксіз жұмыс істеген Бағдат Ізімов кейін кадрлық қысқартуға түскен.
«2012-2018 жылдар аралығында әртүрлі компанияларда мамандығым бойынша дәнекерлеуші болып жұмыс істедім. Кейін қысқартумен жұмыстан босап, араға уақыт салып өзімнің шеберханамды аштым. Мұнайлы ауданында үйдің іргесіндегі цехта қазір өзіммен бірге тағы төрт дәнекерлеуші жұмыс істейміз”, - дейді Бағдат Ізімов.
Кәсіп иесі негізінен ірі жүк көліктерінің қосылқы бөлшегі жоқ бөліктерін қайта қалыпқа келтіріп, дәнекерлеу жұмыстарымен айналысады.
«Біздегі жұмыстардың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, біз елде қосалқы бөлшегі жоқ жүк көліктерінің қосалқы бөлшегін қайта жөндейміз. Кезінде кәсіпкерлікті қолдауға берілген грантты алғанда түрлі-түсті металдарды дәнекерлейтін құрылғы сатып алдым. Көбіне алюминий секілді көлік металын жөндеймін. Қасымдағы жұмысшылар қара медалды дәнекелерлейді”, - дейді кәсіп иесі Б.Ізімов.
Бүгінде Бағдат Ізімов жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Кәсіп ашып, шаруасын жүргізіп отырған ол жұмыс істеу үшін адамда ең басты ниет болу керектігін айтады. Алда цехты кеңейтіп, табысты да еселеу оның басты мақсаты.