Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Бейнеу ауданында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Дауыс берушілердің қарқыны жақсы. Өз учаскелеріне келіп жатқан сайлаушылар таңдауларын жасап жатыр. Әр учаскеде ең алғашқы болып дауыс бергендерге арнайы сыйлық беріліп жатыр.
Бейнеу ауданында 72 190 тұрғын бар. Оның 38 616-сы дауыс беру құқығына ие. Аудан бойынша барлығы 30 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Дауыс беру таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.