©
Қаншама ұрыс, соғыс болды заманда, Барлығы бір азаттықтың жолында. Елі үшін жанын қиды батырлар, Жеңіс туын сақтау үшін қолында. Жерін қорғап, елін сақтап әрқашан, Болашағын көркейтті ғой жалындап. Ұмытпаймыз бабаларды ешқашан, Шейіт болған Ұлы Отанның жолында. Жетпіс төрт жыл, бүгін, міне, мереке, Орнады ғой елімізде береке. Желбіреді көгімізде биік ту, Сақтайықшы енді елді бірлікте. Тәуелсіздік алып берді жаһанға, Жеңіс туын желбіретті қашанда. Болашақты көркейткен әр жандарға, Алғыс айтам атқан әрбір таңдарда. Қазақ рухы өшпейді ғой мәңгілік, Жеңіс туы желбірейді әр күні. Батырлардың қылған ерлік істері, Ел жадында қалар мәңгі жаңғырып! Альбина ТОҚМЫРЗАЕВА, Шетпе лицейінің 9 сынып оқушысы***
Қазақтың батыр қыздары Қазақтың батыр қыздары, Отанның болған құрбаны. Ерлік пен батыл, жаужүрек, Естен кетпей жүр әлі. Әлия, Мәншүк, Хиуаз, Батыр қыздар елде аз, Елі үшін жан қиды, Аласұрып, тікті бас. Мерген болған Әлия, Арпалысты жан қия. Тәуекелге бел буып, Ыстық болды жанұя. Алдыңғы шепке сұранып, Тоқтамай жауды мың атып. Болды қызы қаһарман, Қан майданға оралып. Қыздар алды көп атақ, Жеңіс бізге үлкен бақ. Генерал құптап қыз ісін, Берді оларға орден «Даңқ». Батырлар өліп кетсе де, Талай жыл өтсе де. Бүгін де халқы мақтанар, Батырлар түссе есіне. Арайлым УӘЛИХАН, Шетпе лицейінің 7 сынып оқушысы