Мектеп оқушыларын ақындық, шешендік өнерге баулитын «Ақберен» республикалық байқауы биыл дәстүрлі түрде елімізде бесінші рет ұйымдастырылуда. Жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр, талантты, жан-жақты, өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау мақсатында өтетін дәстүрлі байқаудың алдымен аудандық кезеңінен өткен қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алған болатын. – 6 ақпан күні өткен облыстық кезеңнен байқаудың нәтижесі, қазылар алқасының шешімімен шешендік өнер бөлімінен Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Гүлдана Нұрғабылова ІІ дәрежелі, көркемсөз бөлімі бойынша Шахта орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ақерке Қосымбаева ІІ дәрежелі, ұлттық аспапта ойнау бөлімінен М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Исмайл Мүсіркеп ІІІ дәрежелі, ақындар мүшәйрасы бөлімінен Шахта орта мектебінің 11 сынып оқушысы Наурызбек Дүйсенов І дәрежелі орынмен қуантты. Байқау шарты бойынша ақындар мүшәйрасынан озық көрінген Шахта орта мектебінің 11-сынып оқушысы Наурызбек Дүйсенов республикалық кезеңге жолдама алды, - деп хабарлайды Түпқараған ауданының білім жүйесін дамыту орталығы.
Өз тілшімізден