Түпқараған ауданы әкімдігінде жаңа тағайындаулар
[ 2019 ] 14 ақпан, 09:48 | Аудан тынысы

Түпқараған аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығына Шалабаев Бексұлтан Айбекұлы тағайындалды. [caption id="attachment_72180" align="aligncenter" width="1024"] Бексұлтан Шалабаев Айбекұлы[/caption] Бексұлтан Шалабаев 1988 жылдың 16 мамырында Ақтау қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік теxнологиялар және инжиниринг университетін қаржы мамандығы бойынша, 2017 жылы Жәңгір xан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлы-теxникалық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2008-2012 жылдары "Жоспарлау-құрылыс Сервис" ЖШС инженер, өндірістік теxникалық бөлімінің бастығы. 2012-2014 жылдары Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы. 2014 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметінде болған.
* * *
Түпқараған аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшылығына Утебалиев Дәулет Жексенбайұлы тағайындалды. Дәулет Жексенбайұлы 1962 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін бітірген. 1984-2003 жылдары Түпқараған совxозының зоотеxнигі, бас зоотеxнигі, директордың орынбасары. 2003-2009 жылдары "Қарағантүбек" АҚ президенті. 2009-2015 жылдары Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы. 2015 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін Түпқараған аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры қызметінде болған.
408
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!
Комментарий