©
Жуырда Бостан, Сенек ауылдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жәдігер жерде қалмасын» атты акциясы өтті. Оған ауыл әкімдері, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Жиын аудан орталығы Құрық ауылында ашылғалы отырған музей қорын толықтыру, ел арасында елеусіз жатқан маңызы зор, құнды жәдігерлерді жинақтау мақсатында өтті.
Нәтижесінде Бостан ауылынан Г.Жәкиева 11 бұйым, Сенек ауылы тұрғындары Ж.Шүйішбеков 6 бұйым, Д.Байсариевтер 25-ке жуық бұйымдарды бөлімдерге арнайы тапсырды. Қазіргі таңда қорда 57 бұйым бар. Бастау алған акция әлі де жалғасын табады.
Қарақия аудандық мәдениет,
дене шынықтыру және спорт бөлімі
Көрнекі сурет сайттың архивінен