©
Елордамыздың мерейлі мерекесі қарсаңында Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов елді мекенінде балғындардың бал мекенініне айналатын жаңадан қос балабақша іске қосылды. Мемлекетіміздің «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылған үлкен істердің бірі – балабақшалардың ашылу салтанатына Түпқараған ауданы әкімі Т.Асауов қатысты.
Түпқараған ауданы бойынша жиырма бірінші, Ақшұқыр ауылы бойынша тоғызыншы саналатын мектепке дейінгі мекеменің Астана күні мерекесіне орай тұсауы кесіліп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.
75 орындық «Ақбөбек» шағын орталығының лентасын аудан әкімі Т.Асауов пен көп балалы ана М.Жапарбаева кесіп, балаларға сәтті қадам тіледі.
Сайын Шапағатов ауылын да ашылған «Керемет» балабақшасы да ауылдағы 75 баланы мектепке дейінгі тәлім-тәрбиемен қамтуға дайын.
Еліміздің болашағын өркендететін, тәлімді де тәрбиелі, саналы ұрпағымыз көбейе берсін. Жаңа балабақшалар балаларға бақытты балалық шақ сыйласын.
Жадыра ЖОЛДАСОВА
Көрнекі сурет сайттың архивінен