Ресейдің «Зенит» футбол клубында ойнайтын Ақтау футбол мектебінің түлегі Нұрәлі Әліп жаттығу кезінде әріптесімен күресіп, жанкүйерлерінің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік желіде жария болған бейнежазбада «Зениттің» жартылай қорғаушысы Нұрәлі Әліп жаттығу кезінде командаласы Александр Коваленкомен күресіп, оны ерекше әдіспен лақтырып жібергені анық байқалады. Бұл туралы Коваленко өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
Ақтаулық футболды «Зенит» қатарында 23 ойын өткізіп, қазіргі уақытта Ресей біріншілігінде турнир кестесі бойынша екінші орында тұр. Көрші елдің футбол чемпионаты наурыз айының басында жалғасады. Әзірге регламентке байланысты РФ чемпионатында уақытша үзіліс жарияланған.
Осыған дейін Нұрәлі Әлімке ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубы қызығушылық танытқаны туралы ақпарат жария болған еді. Кейін футболшының агенттері бұл туралы әзірге ондай ұсыныс болмағанын мәлімдеді. Кейін «Зенит» футбол клубының бапкерлері негізгі құрамда қалатын ойыншылар тізімін жариялап, олардың қатарында жерлесіміздің есімі аталды.