© Kazgazeta.kz
Қазақстан құрамасы Азия құрлығында өткен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын аяқтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 19 қаңтар-1 ақпан аралығында өткен сында Қазақстан атынан 41 спортшы қатысып, 5 спорт түрінен 9 дисциплинада сынға түскен болатын.
Отандық жас атлеттер қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 1 алтын, 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы жүлде кестесінде өз тарихындағы ең жоғары 20-орынға тұрақтады.
Ел намысын қорғаған жасөспірімдеріміз бірінші рет 3×3 хоккей, керлинг, фристайл могулдан жүлдені сарапқа салды. Осылайша Қазақстан өз тарихында бірінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Оның ішінде шаңғымен тұғырдан секіру Илья Мизерных чемпион атанса, шорт-тректен Полина Омельчук қола медальға қол жеткізді. Ал командалық сайыста және 3×3 хоккейден құрама ойыншылары үздік үштікті түйіндеді.
Айта кететін жайт, Оңтүстік Кореяда IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына әлемнің 78 елінен 1800-ден аса спортшы қатысты.