Бүгін аймақта ардагерлер үйінің ауласы, балалар үйі мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара «Таза Қазақстан» жобасының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірге белсенді жастар және волонтерлар «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында арнайы «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне және қарттар үйіне арнайы ағаш отырғызып, сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, табиғатқа жанашырлығын ояту, адами құндылықтарды насихаттау. Сенбілікке 50-ге жуық волонтер қатысты. 40-тан астам ағаш отырғызылып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.