Маңғыстау облысы әкімінің телеграм-чатында Жаңаөзен тұрғындары Теңге ауылындағы №14 орта мектептегі жөндеу жұмыстарына қатысты шағым білдірді. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналарға енді басқа мектептерге апаруға тура келіп отыр.
«Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мырза! Сіз Жаңаөзен қаласы Тенге кентіндегі №14 мектепте оқу жылы басталғалы жөндеу жұмысы жүріп жатқанын білесіз бе? Зардабын ата-аналар мен балалар тартып отыр. Осыдан кейін қалаға немесе басқа мектепке қатынап оқып жатыр. Жаздың үш айында жөндеу жұмытары неге жасалмаған?», - деп жазды Нұлыбек Нұртуғанов.
Осы орайда Жаңаөзен қалалық білім бөлімі жөндеу жұмыстарына қатысты жағдай туралы пікір білдірді. Белгілі болғандай, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы мамыр айында бөлініп, екі айдан кейін жұмыс басталған.
«Күрделі жөндеу жұмысына қаражат мамыр айында қарастырылып мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, күрделі жөндеу тамыз айында басталып кетті. Қазіргі таңда оқушылар осы ауылдағы №11 мектепте уақытша оқуларын жалғастыруда. Жөндеу жұмыстары осы желтоқсан айында аяқталып, аздаған қолайсыздықтар болса да балалар таза, жайлы, әдемі мектептеріне оқуын жалғастырады деп хабарлаймыз», - деді
Жаңаөзен тұрғындары: Мектептегі жөндеу жұмыстарының салдарынан балаларымыз басқа жерде оқуға мәжбүр
Маңғыстау облысы әкімінің телеграм-чатында Жаңаөзен тұрғындары Теңге ауылындағы №14 орта мектептегі жөндеу жұмыстарына қатысты шағым білдірді. Балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналарға енді басқа мектептерге апаруға тура келіп отыр.
«Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мырза! Сіз Жаңаөзен қаласы Тенге кентіндегі №14 мектепте оқу жылы басталғалы жөндеу жұмысы жүріп жатқанын білесіз бе? Зардабын ата-аналар мен балалар тартып отыр. Осыдан кейін қалаға немесе басқа мектепке қатынап оқып жатыр. Жаздың үш айында жөндеу жұмытары неге жасалмаған?», - деп жазды Нұлыбек Нұртуғанов.
Осы орайда Жаңаөзен қалалық білім бөлімі жөндеу жұмыстарына қатысты жағдай туралы пікір білдірді. Белгілі болғандай, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы мамыр айында бөлініп, екі айдан кейін жұмыс басталған.
«Күрделі жөндеу жұмысына қаражат мамыр айында қарастырылып мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес жұмыстар жүргізіліп, күрделі жөндеу тамыз айында басталып кетті. Қазіргі таңда оқушылар осы ауылдағы №11 мектепте уақытша оқуларын жалғастыруда. Жөндеу жұмыстары осы желтоқсан айында аяқталып, аздаған қолайсыздықтар болса да балалар таза, жайлы, әдемі мектептеріне оқуын жалғастырады деп хабарлаймыз», - деді Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің басшылығы.