Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6-қабаттан лақтырылған жиһаз үстіне түскен 39 жастағы азамат оқыс оқиға салдарынан ауыр зардап шеккен еді. Науқастың аяқ-қолы істемей қалған.
"Яғни омыртқасы толықтай имплантпен алмастырылды. Жұлынды қысып тұрған бөлшектер алынып, жұлын босатылды. Операциядан кейінгі жағдайы бірқалыпты тұрақты ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде",-деді облыстық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлер алдағы уақытта науқасты бөлімшеге шығару жоспарланып отырғандығын мәлімдеді.